Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.07.2023, 10:00
- 28.07.2023, 15:00
Қабден Нұрбек 28.07.2023, 11:00, Сұрақ нөмірі: 12096
Қайырлы күн. Соңғы өзгерістерге байланысты қызметкердің жазбаша келісімі бойынша жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды тәртіптік комиссиямен келісу қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.July.2023, 14:29
Қайырлы күн. 22.02.2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) өзгерістер енгізілді. Қағидалардың 84-тармағына сәйкес тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды тәртіптік комиссиямен келісім бойынша оны қолданған уәкілетті тұлға жүргізеді. Қағидаларда өзге талаптар көзделмеген. Осыған байланысты, қызметшінің жазбаша келісімі бойынша қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды оны қолданған уәкілетті тұлға мемлекеттік органның Тәртіптік комиссиясының келісімінсіз жүргізеді.