Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.07.2023, 10:00
- 28.07.2023, 15:00
Жалбырова Бимария 28.07.2023, 11:54, Сұрақ нөмірі: 12099
Қайырлы күн. Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттарына сәйкес клиентке бағдарлану дегенді қалай түсінуге болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.July.2023, 14:31
Сәлеметсіз бе, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиентке бағдарлану дегеніміз - мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.