Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

«Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы аясында, 2025 жылға дейін концерттік жазбаларды электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Ақпаратқа қолжетімділікті еліміздің мәдени өмірін танымал бір ресурсқа шоғырландыруға мүмкіндік беретін «E-culture.kz» виртуалды жаңа порталын құру жолымен қамтамасыз етуге болады. Бұл Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әлемдік кеңістікке ілгерілетудің және оларды кеңінен танымал ету мүмкіндігінің ең қолжетімді форматы болып табылады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 31.07.2023, 10:00
  • 31.07.2023, 15:00

АХМЕТЖАНОВА АЛЕСЯ 31.07.2023, 10:59, Сұрақ нөмірі: 12104

  • 0

Мәдениет қызметкерлерінің тұрақты баспанамен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған ба?

Жетісу облысы 31.July.2023, 11:10

Облыстық мәдениет мекемелер мен музей және архив филиалдарында барлығы 798 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде 102 қызметкерлерге тұрғын үй алуға қажеттілігі бар, 71 қызметкерлер тұрғын үйді жалға алады. Осы орайда, облыс әкімдігіне мәдениет қызметкерлеріне тұрғын үй және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік жекешелік- серіктестік шеңберінде жатақхана құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылу жоспарланауда.