Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 02.08.2023, 11:00
- 02.08.2023, 18:00
Абикенова Айнур 02.08.2023, 11:13, Сұрақ нөмірі: 12108
Cәлеметсіз бе? Тұрғын үй кезегінде тұр едім, Мемлекет ұсынатын тұрғын үй көлемі қандай болуы мүмкін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.August.2023, 11:17
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттен тұрғын үй бір адамға пайдалы ауданның 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық емес мөлшерде ұсынылуы мүмкін. Егер отбасында жоғарыда көрсетілген аурулармен ауыратындар болса, онда оларға жеке бөлме ұсынылады. Сондай-ақ, алынатын пәтердің ауданы егер отбасында жүктілігінің мерзімі 22 аптадан артық жүкті әйел болса, үлкен болуы мүмкін. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 76-бабына сәйкес, ұсынылатын тұрғын үйдің тұрмысқа жайлы болуы, қала сызбасында орналасуы және мүгедектерге арналған қажетті шарттарды ескерген болуы тиіс.