Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 04.08.2023, 15:00
- 04.08.2023, 18:00
Аширбеков Алимхан 04.08.2023, 15:36, Сұрақ нөмірі: 12114
Қайырлы күн. Саламатсыздарма. Мемлекеттік органның ішкі мемлекеттік бақылау жүргізуіне қандай құжаттар негіздеме болып табылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.August.2023, 15:38
Сәлеметсізбе. Жоспарланатын кезеңнен алдыңғы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей, орталық мемлекеттік орган, оның ведомствосы және аумақтық органы, жергілікті атқарушы орган басшылығының бұйрығымен бір жылға бекітілетін бақылау іс-шараларының жоспары; Жеке және заңды тұлғалардың нақты фактілер бойынша өтініштері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның тапсырмалары негізінде орталық мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органы басшылығының бақылау іс-шарасын тағайындау туралы бұйрығы.