«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.08.2023, 10:00
- 11.08.2023, 13:00
Сейсенов Алмас 11.08.2023, 10:53, Сұрақ нөмірі: 12130
Саламатсыз ба, егер жасаған теріс қылық үшін мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылса, оған қатысты өзге жауапкершілік (әкімшілік, қылмыстық) түрлері қолданылады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.08.2023
Мемлекеттік әкімшілік қызметшiге тәртіптік жаза қолдану, егер оның іс-әрекетінде басқа жауаптылық түрлері байқалса, оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жауаптылық түрлерiнен босатпайды.