Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.08.2023, 10:00
- 11.08.2023, 15:00
Қабден Нұрбек 11.08.2023, Сұрақ нөмірі: 12132
Қайырлы күн. Мемлекеттік қызметші еңбек демалысында болған жағдайда мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі қарала ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.08.2023
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау және тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің өтуі осы баптың 3-тармағында көрсетілген: 1) мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы; 2) мемлекеттік қызметшінің демалыста немесе iссапарда болуы; 3) мемлекеттік қызметшінің мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылуы; 4) мемлекеттік қызметшінің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болуы; 5) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы кезеңінде, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу не әкімшілік іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселесін шешуге әсер ететін сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.