«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.08.2023, 10:00
- 11.08.2023, 13:00
Сейсенов Алмас 11.08.2023, Сұрақ нөмірі: 12133
Саламатсыз ба, маған осыдан 3 ай бұрын тәртіптік жаза қолданылған. тамыз айындағы мейрамға орай тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.08.2023
Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал жұмыскер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейiн алынуы мүмкiн. Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді. Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.