Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.08.2023, 10:00
- 11.08.2023, 15:00
Болат Аяулым 11.08.2023, Сұрақ нөмірі: 12134
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз артық жұмысқа тартқан жағдайда қандай жаза қолданылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.08.2023
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілерді жұмыс уақытынан тыс жұмысқа заңсыз тарту үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, ӘҚБтК-нің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 1-бөлігіне сәйкес жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытын және күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) заңсыз асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.