Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары А.С. Мейрханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 14.08.2023, 09:00
  • 14.08.2023, 18:00

Смагулова Динара 14.08.2023, 11:28, Сұрақ нөмірі: 12139

  • 0

Саламатсыздарма, қызым оқу бітірді, жаңа заңнамаға сәйкес жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер кез келген лауазымдарға конкурссыз орналаса аладыма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.August.2023, 11:44

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес яғни GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары немесе 100-баллдық жүйе бойынша 85 балдан жоғары үлгерімімен оқуын бітірген түлектер осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісе отыра конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1️⃣ облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2️⃣ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4️⃣ орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.