Жетісу облысының қаржы басқармасы
Аукциондық сауда саттыққа жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады. Сондай-ақ коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға алу бойынша мәліметті e-qazyna.kz сайтынан көре аласыздар.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.08.2023, 10:00
- 28.08.2023, 15:00
Ерсін Толғанай 28.08.2023, 10:47, Сұрақ нөмірі: 12161
Коммуналдық төлемдер мүліктік жалдау ақысына қосылады ма?
Жетісу облысы 28.August.2023, 11:03
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 51-тармағына сәйкес мүліктік жалдау (жалға алу) төлеміне коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымды және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсеткені үшін төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитариялық қызметтерге төлейді.