«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы»
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Е.Жұмабаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.08.2023, 09:00
- 31.08.2023, 18:30
Ерболат Қазыбек 31.08.2023, 15:47, Сұрақ нөмірі: 12163
Айтыңызшы АСП ға өтінішті қалай беремін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.August.2023, 17:44
Құрметті қолданушы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы сәйкес «АСП»-ға, яғни «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке» өтінішті egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы қалдыра аласыз. Ол үшін egov.kz порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, басты бетіндегі «Электрондық өтініштер» бөлімін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет. Келесі ашылған беттегі ұяшықтарға қажетті ақпараттарды енгізіп «Жіберу» батырмасын басу қажет.