«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері және департаменттің бақылау бағыты бойынша профилактикалық жұмыстары»

«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері және департаменттің бақылау бағыты бойынша профилактикалық жұмыстары» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Марасулов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 31.08.2023, 09:00
  • 31.08.2023, 18:30

Өмрәлі Дәулет 31.08.2023, 17:38, Сұрақ нөмірі: 12167

  • 0

Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг неше рет жүргізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.August.2023, 17:47

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітіліп, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді. Қағиданың талаптарына сәйкес, Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг мемлекеттік органдарға бару жоспарына сәйкес бір тоқсан ішінде бір реттен кем емес жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органға бару арқылы тиісті мониторинг жылына екі реттен көп емес жоспардан тыс жүзеге асырылуы мүмкін.