«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері және департаменттің бақылау бағыты бойынша профилактикалық жұмыстары»
«Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері және департаменттің бақылау бағыты бойынша профилактикалық жұмыстары» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Марасулов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.08.2023, 09:00
- 31.08.2023, 18:30
Бейсенбиева Мадина 31.08.2023, 17:40, Сұрақ нөмірі: 12169
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қандай арыз-шағымдарды қарайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.August.2023, 17:48
Қазақстан Ресупбликасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.