«Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ
Ашық деректер мемлекеттік ұйымдар өз қызметі процесінде қалыптастыратын деректердің ашықтығы, қолжетімділігі және қайта пайдалану мүмкіндігі қағидатын енгізуге мүмкіндік береді. Жетісу облысы бойынша ашық деректер жиынтығы ашық деректердің интернет-порталында орналастырылады. Жетісу облысы халқының әртүрлі топтарының ашық деректерге деген қажеттіліктерін зерттеуге арналған Интернет-конференция.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 04.09.2023, 10:00
- 04.09.2023, 15:00
Құрманғали Диас 04.09.2023, 10:53, Сұрақ нөмірі: 12177
Сәлеметсіз бе, мен пестицидтерді сатуға лицензия алғым келеді ол үшін қандай құжаттар қажет және қайда жүгіну керек ?
Жетісу облысы 04.September.2023, 11:41
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды жібереді: Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; Дара кәсіпкер ретінде тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы мәліметтер; Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер; Лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы мәліметтер.