«Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ

Ашық деректер мемлекеттік ұйымдар өз қызметі процесінде қалыптастыратын деректердің ашықтығы, қолжетімділігі және қайта пайдалану мүмкіндігі қағидатын енгізуге мүмкіндік береді. Жетісу облысы бойынша ашық деректер жиынтығы ашық деректердің интернет-порталында орналастырылады. Жетісу облысы халқының әртүрлі топтарының ашық деректерге деген қажеттіліктерін зерттеуге арналған Интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 04.09.2023, 10:00
  • 04.09.2023, 15:00

Нагызбаев Жандос 04.09.2023, 11:01, Сұрақ нөмірі: 12178

  • 0

Мал шаруашылығында, оның ішінде етті бағытта ірі кара малдың аналық басын және бұқасын сатып алғанда, мемлекеттік субсидиялар қарастырылған ба?

Жетісу облысы 04.September.2023, 11:43

Аталған екі бағыт бойынша, сатып алу барысында мемлекеттік субсидия қарастырылған. Яғни, ірі қара малдың аналық басы: Отандық асыл тұқымды болса (әр бір аналық басына) – 150 мың теңге; Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған асыл тұқымды болса (әр бір аналық басына) – 225 мың теңге Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған асыл тұқымды болса (әр бір аналық басына) – 300 мың теңге көлемінде мемлекеттік субсидия қарастырылады. Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алған жағдайда – 150 мың теңге көлемінде сатып алынған басқа мемлекеттік субсидияға қол жеткізе алады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.