Жетісу облысы ауыл шаруашылық басқармасы
Ауыл шаруашылық саласы бойынша берілетін субсидия бағдарламаларына көрсетілетін қызметтерге қысқаша шолу
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 04.09.2023, 10:00
- 04.09.2023, 15:00
Мырзаханова Гүлжан 04.09.2023, 11:13, Сұрақ нөмірі: 12180
Сәлеметсіз бе, мен пестицидтерді сатуға лицензия алғым келеді ол үшін қандай құжаттар қажет және қайда жүгіну керек ?
Жетісу облысы 04.September.2023, 11:32
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды жібереді: Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; Дара кәсіпкер ретінде тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы мәліметтер; Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер; Лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы мәліметтер.