«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы»

«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 07.09.2023, 10:00
  • 07.09.2023, 17:00

Шаймен Мақсат 07.09.2023, Сұрақ нөмірі: 12194

  • 0

Мен, Қызылжарма ауылының тұрғынымын. Менің айтарым, қазіргі уақытта Қызылжарма ауылында құрылыстар ретсіз жүргізілуде. Осыны реттейтін құжат бар ма?

Қызылорда облысы 07.09.2023

Сұрағыңызға рахмет, бүгінгі таңда Қызылжарма ауылының бас жоспары демеушілік есебінен әзірленуде. Жалпы, бас жоспар - қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлайтын негізгі құжат болып табылады. Осыған орай, әзірленіп жатқан бас жоспарды жыл аяғына дейін аяқтап, оны бекіту көзделуде. Бекітілген бас жоспарға сәйкес ауыл аумағында құрылыстар белгіленген тәртіп бойынша реттелетін болады.