«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы»

«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 07.09.2023, 10:00
  • 07.09.2023, 17:00

Нұртазаев Нұрбол 07.09.2023, Сұрақ нөмірі: 12195

  • 0

Мен, Сабалақ бау-бақша серіктестігінің тұрғынымын. Негізі, қаланың бас жоспарына сәйкес Сабалақ өңірі бау-бақша аумағы ретінде көрсетілген. Осының салдарынан біздің өңір тұрақты дамымай отыр. Бұл мәселе қашан шешіледі және бау-бақша статусы қашан өзгеретін болады?

Қызылорда облысы 07.09.2023

Сұрағыңызға рахмет, Қызылорда қаласының бас жоспарына 2019 жылы өзгерістер енгізіліп, оның әрекет ету мерзімі 2025 жыл болып белгіленген болатын. Осы орайда, қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеу үшін 2024 жылы оған қажетті көлемде қаржы бөлу көзделуде. Жоспарға сәйкес әзірленетін жаңа бас жоспардың құрамында Сабалақ бау-бақша серіктестігін қаланың шағын ауданы қарастырып, оның статусын өзгерту жоспарланғандығын назарға саламыз.