«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу»

«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының м.а. А.А.Енсегенова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 08.09.2023, 10:00
  • 08.09.2023, 16:00

Ахметжанова Әсел 08.09.2023, Сұрақ нөмірі: 12208

  • 0

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қандай кезеңдерден тұрады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.09.2023

Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз, ҚР Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына сәйкес Іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Олар: 1. Бірінші кезең Резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау. 2. Екінші кезең, МӘТІНДІК ЖӘНЕ САНДЫҚ ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау 3. Үшінші – СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ КЕЗЕҢІ 4. Төртінші кезең – ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 5. Бесінші кезең – САРАПШЫЛЫҚ комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу. 6. Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.