«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу»
«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының м.а. А.А.Енсегенова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 08.09.2023, 10:00
- 08.09.2023, 16:00
Нұрмұханов Диар 08.09.2023, 15:14, Сұрақ нөмірі: 12209
Мен мемлекеттік грантта оқып, университетті биыл үздік бітірдім, GPА баллым 3,51, ендігі кезекте мемлекеттік органға тестсіз қалай кірсем болады ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.September.2023, 15:17
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңның 15-бабының 6-тармағына сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады. Осы ретте уәкілетті органмен белгіленген мән 3,33 GPA баллды құрайтындығын хабарлаймыз.