Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 08.09.2023, 10:00
- 08.09.2023, 17:00
Сапаров Тимур 08.09.2023, 16:36, Сұрақ нөмірі: 12210
Жерге кезекке қалай тұруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.September.2023, 16:49
Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібіне сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері болып табылды. Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру үшін «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінім беру қажет. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде Сізге қызметті берушілерден есепке тұрғандығыңыз туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.