Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметті көрсету басқарма басшысы Н. Узбеханов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 13.09.2023, 09:00
- 13.09.2023, 18:00
Укертаева Айгерим 13.09.2023, 09:57, Сұрақ нөмірі: 12212
Мемлекеттік аппараттың қызметінде дебюрократизация қалай жүргізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.September.2023, 10:08
Қайырлы күн, Айгерім! Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг пен талдау арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, мониторинг және талдау жүргізу барысында объективтілік, жан-жақтылық, анықтық және жеткіліктілік қағидаттарын басшылыққа алу қажет. Мониторинг пен талдау жүргізудің ерекшеліктері мыналар: 1) Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына бармай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтеріне не жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пен ресурстарға қашықтықтан қол жеткізу арқылы үздіксіз негізде жүзеге асырылады. 2) Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың санаулы тобына қатысты жүзеге асырылады. Сонымен бірге, объективтілік қағидаты талдамалық жұмысты жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың көзқарастары мен пікірлерінен тәуелсіз және бейтарап, кез-келген жағымсыздықты болдырмайтын ақпарат пайдаланылады. Сұрағыңызға рақмет. Күніңіз сәтті өтсін!