Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметті көрсету басқарма басшысы Н. Узбеханов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 13.09.2023, 09:00
- 13.09.2023, 18:00
Шойбеков Даулет 13.09.2023, 10:15, Сұрақ нөмірі: 12213
Дебюроктатизация аясында жүргізілген жұмыстың қорытындылары қандай және не боп табылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.September.2023, 10:50
Құрметті, Даулет! Қорытынды нәтижелерді жинақтау және рәсімдеу – талдамалық жұмыстың тақырыбы шеңберінде мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру бойынша ортақ көзқарасты қалыптастыруға бағытталған және Агенттік екі ай бойы жүзеге асыраты негізгі кезең болып табылады. Жинақтау алаңдық зерттеулерді тыңдау, ұсынылған қорытындылар мен материалдарды зерделеу арқылы қорытындылауды, сондай-ақ ортақ көзқарасты қалыптастыруды қамтиды. Түпкілікті нәтижелерді ресімдеу үшін талдамалық жұмыс мәселелері бойынша ортақ көзқарас аумақтық бөлімшелерге swot - талдау жүргізу, сондай- ақ деректерді толықтыру және түзету үшін жіберіледі. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне хат жобасын дайындаумен аяқталады. Cұрағыңызға рақмет! Күніңіз сәтті өтсін!