«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 14.09.2023, 11:00
- 14.09.2023, 17:00
Аманқос Абыз 14.09.2023, 11:36, Сұрақ нөмірі: 12219
Қайырлы күн!
Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға байланысты сұрағым бар еді. Менің жоғары білімім бар, еңбек өтілім 5 жылдан асады. Бірақ басшы лауазымдарда жұмыс жасамағанмын. Мемлекеттік қызмет саласында да еңбек өтілім жоқ. Қатыса адамын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.09.2023
Құрметті Аманқос Абыз! Интернет-конференцияға қатысып белсенділік танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Президенттік жастар кадр резервіне кіру үшін талаптар келесідей: Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жоғары білімінің болуы, 35 жастан аспауы, 5 жыл жалпы еңбек өтілінің болуы, мемлекеттік тілді білу деңгейі B1-ден төмен болмауы.Бұл ретте, жалпы еңбек өтілі есепке алынады, мемлекеттік қызметтегі немесе басшы лауазымдағы еңбек өтілінің болуы міндетті емес.