«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 14.09.2023, 11:00
- 14.09.2023, 17:00
Капуов Орынгали 14.09.2023, 11:45, Сұрақ нөмірі: 12220
Ассалаумағалейкүм"
баламды тесттен өткізу үшін ақы төлеймін бе? Өте алмаса неше ретке дейін тапсыра алады? Әр өткен сайын ақша төлеу керек пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.September.2023, 13:07
Құрметті Капуов Орынгали! Интернет-конференцияға қатысып белсенділік танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Заңнама талаптарын білу бойынша тестілеу ақысыз негізде жүргізіледі және өтпей қалған жағдайда 15 күннен соң ақысыз негізде қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз бар, қайта тапсыру саны шектелмеген.