Мемлекеттік органдардың жұмыс уақытының режимін сақтауына мониторинг жүргізудің және мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмысты, аралас қашықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты қолданудың кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақытының режимін сақтауына мониторинг жүргізудің және мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмысты, аралас қашықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты қолданудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқарма басшысы С. Умбеталиев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 14.09.2023, 09:00
  • 14.09.2023, 18:00

Бәшіғұл Айша 14.09.2023, 13:33, Сұрақ нөмірі: 12222

  • 0

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы ақылы ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.September.2023, 15:48

Саламатсыз ба, Айша! Иә, үстеме уақыттағы жұмысқа ақы төленеді. Немесе тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі. Сұрағыңызға рақмет!