Мемлекеттік органдардың жұмыс уақытының режимін сақтауына мониторинг жүргізудің және мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмысты, аралас қашықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты қолданудың кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақытының режимін сақтауына мониторинг жүргізудің және мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмысты, аралас қашықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты қолданудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқарма басшысы С. Умбеталиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 14.09.2023, 09:00
- 14.09.2023, 18:00
Төреқан Гүлім 14.09.2023, 16:20, Сұрақ нөмірі: 12225
Заңсыз үстеме жұмысқа тарту бойынша жауапкершілік қарастырылған ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.September.2023, 16:25
Қайрлы күн, Гүлім! Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 89-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады. Аталған Кодекстің 89-бабының 2-тармағына сәйкес, осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сұрағыңызға рақмет!