«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингі бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 19.09.2023, 10:00
- 19.09.2023, 13:00
Үсенбаева Жанар 19.09.2023, 10:34, Сұрақ нөмірі: 12235
Саламатсызба, қаңдай іс-әрекеттер жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу болып табылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.September.2023, 15:16
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізеді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.