«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингі бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 19.09.2023, 10:00
  • 19.09.2023, 13:00

Жапсарбаева Элвира 19.09.2023, 11:05, Сұрақ нөмірі: 12236

  • 0

Саламатсыз ба, мемлекеттік органға бармай мониторинг жұмыстары қалай жүзеге асырылады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.September.2023, 15:16

Департамент тарапынан заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізудің көзі болып ақпараттық жүйелердегі мәліметтер, Департаментке ұсынатын мәліметтер, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар табылады.