Заңды тұлғалардың камералдық бақылау бойынша хабарламалар орындау тәртібі

Камералдық бақылау салық есептілігінің деректеріне, салық органдарында бар салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы өзге де мемлекеттік органдардың мәліметтерін, салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді және Салық кодексінде белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері Салық кодексінің 94-96-баптарының нормаларымен регламенттелген. Камералдық бақылау Салық кодексінің 48-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, талап қою мерзімі ішінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Салық кодексінің 48-бабына сәйкес талап қою мерзімі жіберілген және талап қою мерзімі аяқталғанға дейін тапсырылған хабарлама орындалғанға дейін ұзартылады. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ресімделеді: тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша-анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын және олардың тәуекел дәрежесін қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама. Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады; тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша-анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын және олардың тәуекел дәрежесін қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама; тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша-анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын және олардың тәуекел дәрежесін қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 20.09.2023, 09:00
  • 20.09.2023, 15:00

СЕРИКБАЕВА РАБИЯМ 20.09.2023, 11:58, Сұрақ нөмірі: 12250

  • 0

1

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 20.09.2023

Добрый день, В вашем вопросе "1" не указан содержание вопроса, прошу Ваш вопрос направить повторно.