Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу және мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі
«Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу және мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқарма басшысы С. Умбеталиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 20.09.2023, 09:00
- 20.09.2023, 18:00
Қораласбаева Ақерке 20.09.2023, Сұрақ нөмірі: 12253
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартудың қандай түрлері болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.September.2023, 16:13
Саламатсыз ба! Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету; 5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару. Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін. Сұрағыңызға рақмет!