Президенттік жастар кадр резерві, Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнын және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері конкурссыз қызметке тағайындалуы және бағалау, бонустар төлеу, сыйлықақы беру бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Президенттік жастар кадр резерві, Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнын және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері конкурссыз қызметке тағайындалуы және бағалау, бонустар төлеу, сыйлықақы беру бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 20.09.2023, 15:00
- 20.09.2023, 18:00
Махамбетова Салтанат 20.09.2023, 15:51, Сұрақ нөмірі: 12256
Саламатсыздарма, тіркеу кезінде қатысушылар қандай салалық бағыттарды таңдайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.September.2023, 15:53
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдайды. Олар: 1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; 2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; 3. Сыртқы саясат және инвестициялар 4. Экономикалық және қаржылық саясат; 5. Цифрландыру 6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;