Президенттік жастар кадр резерві, Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнын және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері конкурссыз қызметке тағайындалуы және бағалау, бонустар төлеу, сыйлықақы беру бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Президенттік жастар кадр резерві, Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнын және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері конкурссыз қызметке тағайындалуы және бағалау, бонустар төлеу, сыйлықақы беру бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 20.09.2023, 15:00
- 20.09.2023, 18:00
Құдайберген Айкерім 20.09.2023, 15:58, Сұрақ нөмірі: 12257
Жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектер конкурссыз мемлекеттік қызметке кіре аладыма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.September.2023, 16:00
Сұрағыңызға рақмет, Мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3,33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.