Президенттік жастар кадр резерві, Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнын және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері конкурссыз қызметке тағайындалуы және бағалау, бонустар төлеу, сыйлықақы беру бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Президенттік жастар кадр резерві, Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнын және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері конкурссыз қызметке тағайындалуы және бағалау, бонустар төлеу, сыйлықақы беру бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 20.09.2023, 15:00
  • 20.09.2023, 18:00

Ыдырысқызы Гаухар 20.09.2023, 16:17, Сұрақ нөмірі: 12258

  • 0

Қайырлы күн, Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін мемлекеттік тілді білу туралы сертификатты қалай алуға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.September.2023, 16:19

Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда үміткерге сайтта берілген промокод арқылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ҚАЗТЕСТ» жүйесінде офлайын немесе ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST бойынша онлайн тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі. Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін сайтта ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс. Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс. Үміткер тиісті сертификат алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркеуді аяқтай алады.