«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібі»
«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә.Измуханов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 20.09.2023, 09:00
- 20.09.2023, 18:30
Бекетова Лаура 20.09.2023, 16:45, Сұрақ нөмірі: 12259
Үстеме жұмысқа қандай адамдарды тартуға болмайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.September.2023, 17:43
Шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Бұл жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді. Жекелеген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Үстеме жұмысқа жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмағандар және мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.