«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібі»

«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә.Измуханов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 20.09.2023, 09:00
  • 20.09.2023, 18:30

Жузенова Гулнара 20.09.2023, 16:46, Сұрақ нөмірі: 12260

  • 0

Мемлекеттік қызметші күніне қанша сағат үстеме жұмысқа тартылуы мүмкін?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.September.2023, 17:43

Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жекелеген (Еңбек кодексінің 77-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген) жағдайлардағы жұмыстарды қоспағанда, айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.