«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.09.2023, 09:00
- 21.09.2023, 18:00
Алим Бибинур 21.09.2023, 14:22, Сұрақ нөмірі: 12266
Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта және қоғамдық орындарда өзін қалай ұстауы қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.September.2023, 14:27
ҚР Президентінің 2015ж. 29 жетоқсанындағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.