«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.09.2023, 16:00
- 21.09.2023, 18:00
Пазылбекова Камшат 21.09.2023, 16:09, Сұрақ нөмірі: 12267
Мемлееттік атаулы әлеуметтік көмекті әкімшілікке бармай ақ алуға болады ма? Әлде міндетті түрде бару қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.September.2023, 16:35
Саламатсыз ба ? Пазылбекова Камшат. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін бірнеше қызмет көрсету түрі қарастырылған. Атап айтатын болсам Сіз орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы немесе мансап орталығы (бұрыңғы Жұмыспен қамту орталығы), сондай-ақ әкімшілікке бармай-ақ, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov.kz арқылы өтініш берсеңіз болады.