«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.09.2023, 16:00
- 21.09.2023, 18:00
Сарсенбаева Нурсулу 21.09.2023, 16:10, Сұрақ нөмірі: 12268
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қандай жағдайда тапсырсақ болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.September.2023, 17:25
Қайырлы күн! Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады. Сонымен қатар, Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Әр отбасылардың шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түріндегі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.