«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 21.09.2023, 16:00
  • 21.09.2023, 18:00

Сарсенбаева Нурсулу 21.09.2023, 16:14, Сұрақ нөмірі: 12269

  • 0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тартулар болама

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.September.2023, 16:44

Қайырлы күн Сарсенбаева Нурсулу! Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан Қағида талаптарына сәйкес бірнеше себептері болады. Олар: 1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің белгіленген кедейлік шегінен асуы; 2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы; 3) отбасының материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы; 4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 123-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы; 5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау. 6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсынған кезде. Жоғарыда аталған бірнеше бас тартулар негізінде Сіздің өтінішіңізге бас тарту мүмкін