«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 21.09.2023, 16:00
  • 21.09.2023, 18:00

Кожабекова Жайна 21.09.2023, 16:17, Сұрақ нөмірі: 12270

  • 0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берсем, қанша күнде қаралып нәтижесі беріледі ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.September.2023, 16:24

Саламатсыз ба Кожабекова Жайна! сұрағыңыз өте орынды. Егер Сіз Мансап орталығына (бұрынғы жұмыспен қамту орталығы) құжаттарды тіркеген күннен бастап – 15 жұмыс күні. Ал егер Сіз кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттарды тапсырсаңыз – 18 (он сегіз) жұмыс күнде қаралады.