«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.09.2023, 16:00
- 21.09.2023, 18:00
Төлебаева Жанат 21.09.2023, 16:38, Сұрақ нөмірі: 12272
Сәлеметсіз бе АСП ны үй жағдайында тапсыруға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.September.2023, 17:02
Қайырлы күн Төлебаева Жанат! Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін әрине үй жағдайында тапсыруға толықтай мүмкіндік бар. Ол үшін Сіз тарапынан ЭЦҚ пайдалана отырып, *egov.kz* порталы арқылы "Әлеуметтік қамтамасыз ету" батырмасын басып, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметіне кіріп өтініш білдіре аласыз. Қағида талаптарына сәйкес, өтінішті қарау мерзімінде Сізге орындаушылардан жауап беріледі.