Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 22.09.2023, 10:00
  • 22.09.2023, 17:00

Башкенова Сагыныш 22.09.2023, 16:17, Сұрақ нөмірі: 12277

  • 0

2. Қайырлы күн! Талаптардың бірі-мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы (В1 деңгейінен төмен емес), мен сертификатты қайдан ала аламын?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2023, 16:51

Қайырлы күн! Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ) не Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQRESMITEST(ресми-іскерлік қазақ тілін тестілеу жүйесі) қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет. Өтінім берген сәтте мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда кандидатқа "ҚАЗТЕСТ" немесе QAZAQRESMITEST жүйесі бойынша тестілеуден өту үшін сілтемелер ұсынылады. Бұл ретте кандидат тиісті сертификат алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркеуді аяқтай алады.