«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.09.2023, 09:00
- 27.09.2023, 18:00
Құдайберген Асылым 27.09.2023, 16:45, Сұрақ нөмірі: 12284
Саламтсызба, мен Астана қаласына жұмыс жасауға келгенмін. Қазір ағамның үйінде тұрып жатырмын. Енді маған сол үйге мекен-жайым бойынша тіркелу керек екен. Тіркелу үшін цонға баруым керекпа?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.September.2023, 16:50
Қайырлы күн! eGov.kz порталында тіркелген және ЭЦҚ бар пайдаланушылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша үйден шықпай-ақ тіркеле алады. Ол үшін басты беттегі «Қызметтер» бөліге өтіп, «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөліміндегі «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» бөлімшесін таңдайсыз. Сол беттегі сұратылған ақпараттар қатарын толтырып, «Қол қоюға өту» батырмасын басасыз. Әрі қарай ЭЦҚ кілтіңізді жүктеп, қол қойғанда, тіркелуге сұраныс берген үйдің иесіне eGov.kz порталында сұранымыңыз жолданады және үй иесі өз келісімін береді немесе бас тартады. Нәтижені «Хабарламалар» бөлігіндегі «Жеке кабинет тарихы» бөлімшесінен көре аласыз.