«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту»
«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.09.2023, 10:30
- 28.09.2023, 17:00
Алтынбек Руслан 28.09.2023, 10:59, Сұрақ нөмірі: 12287
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолы басталғанын білеміз, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу жұмыстары туралы ашып айтсаңыз?
Қызылорда облысы 28.September.2023, 11:19
Мемлекет басшысының қолдауымен республикалық маңызы бар «Қызылорда - Жезқазған» автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылдың маусым айында басталды (ұзындығы 216 км). 2023 жылы 100 км жолы жөнделіп аяқталады. Қалған бөлігі 2024-2025 жылдары кезең-кезеңмен толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Анықтама ретінде: Жобаның жалпы құны – 106,6 млрд. теңге. 216 км жолды реконструкциялау жұмыстары 6 лотқа бөлінген. Оның 5-уі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. 1-уі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы рәсімдері жүргізілуде.