«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту»
«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.09.2023, 10:30
- 28.09.2023, 17:00
Туребаева Гулжаухар 28.09.2023, 11:22, Сұрақ нөмірі: 12288
Нұрлыбек Машбекұлы, Өзіңізге белгілі, Түркістан бағытына қарай жол 4 жолақты, ал Қызылорда қаласынан Ақтөбе бағытына қарай жол 2 жолақты. Осы Ақтөбе бағытындағы жолында көптеген жол-көлік оқиғалары орын алып, халық тарапынан әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Аталған Қызылорда-Ақтөбе жолын 4 жолақты етіп кеңейту бағытында нақты қандай шаралар қабылданып жатыр?
Қызылорда облысы 28.September.2023, 11:42
Сұрағыңыз өте орынды,осы мәселе ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың 2022 жылы 23 желтоқсандағы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында көтеріліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді. Осы ретте, салалық ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан аталған жолды кезең-кезеңмен І техникалық санатқа ауыстыру жұмыстары 2025 жылдан басталатындығы туралы жауап алып отырмыз. Анықтама ретінде: Қызылорда облысы аумағында республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 812 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 246 шақырымы І техникалық (Түркістан облысы бағытына қарай), ал 566 шақырымы ІІ техникалық санатқа жатады (Ақтөбе облысы бағытына қарай).