«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту»
«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.09.2023, 10:30
- 28.09.2023, 17:00
Накипов Кайрат 28.09.2023, Сұрақ нөмірі: 12289
Нұрлыбек Машбекұлы,Өзіңізге белгілі,Арал қаласындағы көлік қатынасы бір ғана темір жол өткелі (переезд) арқылы жүргізілуде. Осы темір жолмен тәулігіне 40-тан астам жүк және жолаушылар пойыздары өтеді. Бұл өткел жабылған кезде, 2-2,5 шақырымға дейін автокөлік кептелісі (пробка) пайда болып, тұрғындардан бөлек жедел қызметтерге үлкен кедергі келтіріп келеді. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері БАҚ, әлеуметтік желілерде орын алып келді. Қазіргі таңда қандай шешім қабылданып жатыр?
Қызылорда облысы 28.September.2023, 13:03
Бүгінгі күні, Арал қаласындағы темір жол үстінен өтетін көпір өткелінің құрылысы басталды. Арал тұрғындарына аталған көпірді 2024 жылы пайдалануға беру жоспарымызда бар. Жоба құны 3 141,6 млн.теңге болатын көпірге республикалық бюджеттен 1 414,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.