«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту»
«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.09.2023, 10:30
- 28.09.2023, 17:00
Дуйсебекова Нургул 28.09.2023, 13:23, Сұрақ нөмірі: 12291
Қызылорда қаласы әуежайының жолаушылар терминалының салынып жатқандығы туралы білеміз.
Осы терминал құрылысының құны қанша? Алдағы уақытта жаңа терминал пайдалануға берілгеннен кейін қосымша рейстер ашу жоспарда бар ма?
Қызылорда облысы 28.September.2023, 13:52
«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминал құрылысын өзіміздің елдің азаматы Б.Өтемұратовтың жеке қорының қаржысы есебінен іске асырылуда. Жоба құны шамамен 15 млрд. теңгені құрап отыр. Терминал барлық халықаралық талаптарға сай қызмет көрсетеді. Сағатына 250 жолаушы жіберу мүмкіндігі болады. Қазіргі таңда әуежай арқылы аптасына 24 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына - 13, Алматыға – 11 рейс. «SКАТ» әуе (Шымкент) компаниясымен республикамыздың Атырау және Ақтау қалаларына рейстер ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сонымен бірге, осы компаниямен халықаралық «Қызылорда-Мәскеу-Қызылорда» рейсін ашу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады.