«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 28.09.2023, 09:00
  • 28.09.2023, 18:00

Асембеков Нурбек 28.09.2023, 17:45, Сұрақ нөмірі: 12292

  • 0

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібі қандай құжатпен реттелген?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.September.2023, 17:48

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары айқындайды. Қағида талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.